USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

ҚТЖ пойыз қозғалысының кестесін онлайн бақылайтын қызметті іске қосты

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ
Жаңа сервис жолаушыларға bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларға арналған "Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы" атты жаңа цифрлық сервисті қолданысқа енгізді, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады. 

Аталған қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ Ситуациялық орталығы аясында әзірленді. Орталық жолаушылар пойыздарының қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізеді. Пойыздарға орнатылған GPS-трекерлер деректерді автоматты түрде орталыққа жіберіп, пойыздардың орналасқан жерін дәл анықтауға және қозғалыс кестесін жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа сервис жолаушыларға bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді, – делінген хабарламада. 

Пойыз қозғалысы туралы ақпарат алу үшін:

  1. https://bilet.railways.kz  сайтына кіру қажет.
  2. "Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы" баннерін басу керек.
  3. Картадан қажет пойызды таңдау қажет.
  4. Сонымен қатар қызметке https://tablo-railways.kz/ru/  сайты арқылы да кіруге болады.

Айта кетейік, "Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы" жолаушыларға нақты уақыт режимінде пойыздың қозғалысын картадан бақылауға (пойыз қызыл түспен белгіленеді), таңдаған станциядағы келу және жөнелту кестесін тексеруге, қозғалыс кестесіндегі өзгерістерді бақылауға, барлық аялдама станцияларын, олардың күту уақытын және межелі бекетке шамамен келу уақытын көруге мүмкіндік береді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары