Тікелей эфир

Қостанайдағы өрт: елді мекендерге төнген қауіп сейілді

Дегенмен өрт әлі ауыздықталған жоқ, оны өшіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қостанай облысындағы өрттен тағы бір адам жарақат алды. Барлығы 11 адам, оның ішінде 6 адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланған. 1935 жылы туған бір адам қаза тапты, деп мәлімдеді  Төтенше жағдай министрлігінің жедел штабы.

"Елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарында қарауылдау ұйымдастырылды", – деп жазылған хабарламада.

Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалдығы күшейген. Сонымен қатар өрт сөндіру басталған сәттен бастап 137 су ағызу жүргізілген.


Оқи отырыңыз: Алматы тұрғындары өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға қалай көмек беріп жатыр?


Айта кетейік, өрт басталғалы бері өңірде барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті. Оның 85-і Аманқарағай ауылында және 6-сы Озерный ауылында.

Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Оқи отырыңыз: Қостанайда өртті өшіру және халыққа көмек беру жұмыстары қалай жүріп жатыр? Фото


 

Серіктестер жаңалықтары