Қостанай облысында полицейлер әйелге жоғалтып алған сөмкесін қайтарып берді. Сөмкенің ішінде 1 млн теңге болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сөмкені патруль полицейлері Бағдат Ахметов пен Медет Қойшығұлов тауып берген.
"КамАЗ" автокөлігінің жүргізушілері патрульден көмек сұрады. Ер адам өзіне әйелінің хабарласып, сөмкесін жоғалтып алғанын айтқанын жеткізді. Әйел адам сөмкесінің жоқ екенін үйге келген кезде ғана байқаған", – делінген хабарламада.
Ауыл тұрғыны Алтын сөмкесін Қостанайдың маршруттық автобусында ұмытқан. Оның күйеуі полицейлерге маршруттың нөмірін хабарлаған. Полицейлер өз кезегінде автобустың соңғы аялдамайсына дейін барады.
"Жүргізуші әйелдің сөмкесін қайтарып берді. Оның күйеуі Кенжебек Қадиев тәртіп сақшыларына жылдамдық пен көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты", – деп қосты полициядағылар.