Тікелей эфир

Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден 150 тұрғын құтқарылды

Құтқарылған 150-ден астам жергілікті азаматтың 63-і – балалар.

Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі бүгін түнде республикалық жедел штабтың үйлестіруімен Қостанай облысындағы су басқан ауыл тұрғындары құтқарылғанын хабарлады.

"Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар", – делінген хабарламада. 

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары