Сондай-ақ, жаназа асында үш адамнан артық кісіге сөз беруге шектеу қойылды.
Қостанай облысында Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен "Дін мен дәстүр: Ысырапшылдықтың алдын алу" жиында жаназа рәсімдерін өткізуге қатысты жаңа шешім қабылданды.
Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлының мәлімдеуінше, шешімде нақты талаптар мен шектеулер бар. Олардың негізгілері:
қонақ асын (жаназадан бір күн бұрынғы берілетін кешкі асты) тоқтату;
ас мәзірін (бауырсақ, нан, қант, кәмпит-піспенан, су, шәй, ыстық тамақ) бірізділікке салу;
ҚМДБ-ның "Қамқор-шарапат" салттық қызмет көрсету орталығының бекіткен нормалары бойынша зират көтеру;
марқұмның жылдық астарында көрсетілетін бейнероликтердің әуеніне назар аудару, бейнеде алкогольді ішімдігі бар фото не видео көріністердің, әуреті ашық киімдердің болмауын қадағалу;
жаназа астарын жиналысқа айналдырмау, сәйкесінше, онда үш адамнан артық кісіге сөз бермеу.