Қостанай облысында қарлы боран құрсауында қалған екі бала аман қалды

Фото: ТЖД
Фото: ТЖД
Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды.

Қостанай облысы Қарасу ауданындағы аттас ауылдан 12 км қашықтықта құтқарушылар қар құрсауында қалған көлікті шығару бойынша сәтті операция жүргізді, деп хабарлайды ТЖМ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әкесі екі баласын балық аулауға үйрету үшін жолға шығып, қайтарда қар құрсауында қалып, өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған.

"Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жүргізуші дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғысын білдірді", – делінген ақпаратта. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары