Қосшыда микроавтобус аялдамаға соғылып жеті бала ауруханаға түсті

Фото: Ақмола облысы полиция департаменті
Фото: Ақмола облысы полиция департаменті
Микроавтобуста балабақшаға бара жатқан 10 бала болған.

Балаларды балабақшаға апара жатқан микроавтобус Қосшыдағы аялдамаға соғылды. Жеті бала зардап шекті, деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат 9 сәуір күні шамамен сағат 07.00-де "Орманды алқап" тұрғын массивіндегі №2 үйдің жанында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Iveco бағыттық автобусы Toyota микроавтобусымен соқтығысып, ол инерциямен аялдамаға соғылған.

Микроавтобуста балабақшаға бара жатқан 10 бала болған. Жетеуі қалалық ауруханаға қосымша тексеру үшін жеткізілді. Полиция апаттың нақты жағдайы мен кінәлі тұлғаларды анықтау үшін оқиға болған жерде жұмыс істеп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары