Коронавирус пандемиясына байланысты 3 жыл бұрын жұмысын тоқтатқан "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы 24 сәуірден бастап қайта іске кіріседі. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі хабарлады.
"Қорғас" ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Өткен үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды" делінген ресми хабарламада.
"Қорғас" ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап қайта кіріседі.
"Қорғас" бекеті арқылы жүк алып өту тәртібімен "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының видеосынан білуге болады:
View this post on Instagram