ҚМДБ "Жұма уағызы" кітабының төртінші томын жарыққа шығарды

Жинаққа 2023 жылы Қазақстан мешіттерінде жұма уағызында айтылған тақырыптар енген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен 2024 жылды қорытындылауға арналған Төралқа мәжілісінде "Muftiyat" баспасынан шыққан "Жұма уағызы IV" еңбегінің таныстырылымы өтті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі. 

"Жинаққа 2023 жылы еліміз бойынша барлық мешіттерде жұма уағызында айтылған тақырыптар енгізілген. Әрбір тақырып қасиетті Құран аяттарына, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне, сондай-ақ дін ғалымдарының тәрбиелік өсиеттері мен ақын-жырауларымыздың өлеңдеріне, сондай-ақ халқымыздың мақал-мәтелдеріне, тұлғаларымыздың даналық ой-тұжырымдарына негізделген", – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Жинаққа енгізілген әрбір тақырып мұсылман қауымына қажетті құнды мәліметтермен қамтылған. Сонымен қатар әрбір тақырып жеңіл әдіспен жазылған. Аталған еңбек имандылықты жанына жолдас еткен әрбір адамға өмірлік насихат болмақ.


Оқи отырыңыз: Жат ағым өкілдері интернет арқылы өз идеясын таратуды жиі пайдаланады – ҚМДБ


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары