Тікелей эфир

ҚМДБ биыл түркі тілдес елдердің мүфтилер алқасына төрағалық етеді

Басқарма 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылы Түркітілдес мемлекеттердің мүфтилер алқасына төрағалық етеді. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді

"Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты бауырлас елдердің мүфтилер алқасына төрағалық ету мәртебесінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына берілуі – сіз бен бізге үлкен жауапкершілік жүктейді", – деді бас мүфти.

Еске салайық, бұл алқаның құрылуына да қазақстандық мұсылмандар бастамашы болған. 


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 11 наурыздан бастау алады


Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы Қазақстанда 2024 жыл "Ислам және дәстүр құндылығы" жылы деп жарияланғанын хабарлады. Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұлттық дәстүрлерге айрықша назар аударып келе жатқаны сезіледі. 

"Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқанын жақсы білесіздер. Осындай мәселелер мен бастамаларды ескере келе, діни қызмет аясында 2024 жылды "Ислам және дәстүр құндылығы" жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді деп сенемін", – деді ҚМДБ төрағасы.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары