Тікелей эфир

ҚМДБ беретін халал сертификаттарына сенуге бола ма?

Діни басқарма желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желіде "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы беріп жүрген халал таңбасы заңсыз" деген ақпарат таралуына орай, ҚМДБ баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

Діни басқарманың хабарлауынша, ҚМДБ-ға қарасты "Халал Дамудың" ҚР Әділет министрлігінде бекітілген жарғысы мен мемлекеттік үлгідегі №71209 тауар таңбасына куәлігі бар және компания заң шеңберінде жұмыс атқарады.

"Халал Дамудың" негізгі бағыттары:

  • ҚР халал индустриясын дамыту;
  • "Халал" маркалы қызметтермен және тауарлармен нарықты дамыту;
  • "Халал стандарттарына" сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердің өндірісі және іске асырылуы;
  • ҚР бірыңғай халал жүйесін қалыптастыру;
  • Сертификаттау, метрология саласындағы қызметтер мен сапаны басқару.

Оқи отырыңыз: Өнімнің халал екенін анықтауға арналған Halal Guide қосымшасы іске қосылды


"Сонымен қатар, 2018 және 2022 жылдары Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өткен болатын. Құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін 75 мекеменің тізіміне енді. Бұл дегеніміз – "Халал Дамудан" сертификаттаудан өткен кез-келген кәсіпорын өз өнімдерін әлемнің дамыған елдеріне "QMDB HALAL" таңбасымен еш кедергісіз, еркін экспорттау құқығына ие болғандығын білдіреді. Осы негізге сүйене отырып, ҚМДБ-ға қарасты "Халал Дамудың" заңды түрде стандарттау және сертификаттау шараларын атқарып жатқандығын мәлімдейміз", – делінген мүфтияттың ресми хабарламасында. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары