
Қазақстан-британ техникалық университетінің проректоры, Respublica партиясының мүшесі Екатерина Смолякова Парламент мәжілісінің депутаты атанды. Бұл туралы партияның орталық аппараты басшысының орынбасары Ришат Асқарбекұлы хабарлады.
Екатерина Смолякова – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Талдықорғандағы Жансүгіров университетінің түлегі. KBTU Empowerment әйелдер клубын басқарады және Алматы облыстық №1 балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы.
Қазірге дейін ҚБТУ проекторы қызметін атқарып келді.
Еске салайық, 24 ақпанда Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының тең төрағасы Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ал бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі шешілді.
Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды