Тікелей эфир

ҚазҰУ ректоры президентке университетті дамыту стратегиясын таныстырды

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр. Президенттің мамыр айындағы ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚазҰУ-да Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойылған болатын. 12 қазанда университет базасында аталған оқу орнының филиалы ашылды.

2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылады: жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек. Сондай-ақ, жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады.


Оқи отырыңыз: ҚазҰУ ғалымдары 400 патент пен авторлық куәлік алды


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Серіктестер жаңалықтары