Тікелей эфир

Қазтест қажет пе? Депутаттар мемқызметшілерге қойылатын талапты қатаңдатуды ұсынды

Қазір ұсыныс жұмыс топтарында талқыланып жатыр.

Депутаттар мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінен тест тапсыруына қойылатын талапты қатаңдатуды ұсынды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова "Халық үні" сайтына берген сұхбатында айтты.

"Қазір Мәжілісте "Мемлекеттік қызметшілер туралы" заң жобасы талқыланып жатыр. Қазіргі таңда Қазтестің мәні болмай тұр. Тесттен нөл алса да, қызметке орналаса береді. Қажеттілігі жоқ. Бұл норманы қатаңдатуды бір топ депутаттың атынан ұсындық. Жұмыс топтарында талқыланып жатыр", – деді депутат.


Оқи отырыңыз: "Мемлекеттік қызметшілердің бәрі қазақ тілін білуі керек". Кесебаева вице-министрге ескерту жасады


Сонымен қатар депутаттың айтуынша, бүгінде Мәжілістің жұмыс барысы 80 пайыз қазақ тілінде өтеді. Десе де, Мақпал Тәжмағамбетова таяуда депутаттардың Мәжіліс отырысы толық қазақ тілінде өтуін және Мәжілістегі бүкіл басшылар толық қазақ тілін білуін ұсынғанын айтады. Алайда оған жұмыс тобының басшылығында отырған 5 депутат қарсы шығып, норма өтпей қалған. 

Серіктестер жаңалықтары