
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда мемлекеттік органдар үшін бірыңғай цифрлық платформа құруға қатысты мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берді.
Министрлік мәліметінше, "Электрондық үкіметтің" жаңа архитектурасын құру мақсатында 2023 жылы қазақстандық "Gostech" (G-Tech) жаңа платформасын құру бойынша жұмыс басталса, 2024 жылы қолданыстағы заңнамаға "платформалық бағдарламалық өнім" түсінігімен қажетті өзгерістер енгізілген.
Соның нәтижесінде 2024 жылы платформа Qaztech доменінде сынақтық пайдалануға берілді. Бұл мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау, өңдеу, сақтау арналған.
"Пилоттық режимде үш қолданыстағы ақпараттық жүйе 4 көшірілді және бір сервис құрылды, олар: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (gov.kz); Smart Bridge қызметтерінің көрсетілімі; "ҰАТ" АҚ сайты; Egov мобильді қосымшасында қолжетімді құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу қызметі", – делінген ресми жауапта.
Қазіргі таңда ақпараттық коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес Qaztech платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Е-жолдар" цифрлық платформасы іске қосылады