Тікелей эфир

Қазақстанның шахматтан әйелдер және ерлер құрамасы қашан үздік ондыққа енеді

Биыл әйелдер құрамасы 11-орында болса, ерлер құрамасы 43-орынға тұрақтады.

Қазақстанда шахматты дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында оны іске асырудан күтілетін нәтижелер нақтыланды. Нәтижелердің бірі қазақстандық шахмат құрамаларының әлемдік үздік 10 елдің қатарына енуі болып табылады. 

Бұл ретте аталған межеге қазақстандық әйелдер құрамасының 2024 жылы жетуі жоспарланса, ерлер құрамасы үшін 2027 жылғы мерзім белгіленген. 

Бұл үшін, әрине, шахматты жаппай дамытудың кешенді шаралары қолға алынады. Атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үлер жанынан 200 шахмат клубын ашу көзделіп отыр. Сондай-ақ, 2027 жылға дейін бастауыш сынып оқушылардың шахмат үйірмелерімен қамтылуын 20 пайызға (1400 мектеп) дейін арттыру жоспарланған. Сондай-ақ, 250 кәсіби педагог даярлау және тағы 250 адамның біліктілігін арттыру мақсаты қойылған. 


Оқи отырыңыз: Дәрмен Сәдуақасов: 50-ден астам жасөспірімге стипендия, 7 шахматшыға грант беріледі


Нәтижесінде, әлем, Азия чемпионаттарында, Шахмат олимпиадасында және Халықаралық шахмат федерациясының басқа да ресми чемпионаттарында қазақстандық шахматшылар жеңіп алған медаль санын биылғы 20-дан 2027 жылы 60-қа дейін арттыру көзделіп отыр. 

Серіктестер жаңалықтары