Тікелей эфир

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі жабылмақ

Бұл туралы үкімет басшысы 24 қаңтарда тапсырма берген.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесін тарату жоспарланып отыр.

Бұл ҚР премьер-министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №12-11/Б-70 тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылмақ.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігінің таратылуына сәйкес, ҚР Үкіметінің бірқатар шешімдеріне өзгертулер енгізіледі.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігінің ресми сайтында бұл туралы ақпарат жоқ.

"Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы саула өкілдігі туралы" ережеге сәйкес, Сауда өкiлдігін қайта ұйымдастыру және тарату Ресей федерациясының тиiстi органдарын хабарландыра отырып, ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Yкiметiнің шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей және Беларусь арасындағы төлем келісімінің күші жойылмақ


Еске салайық, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі Мәскеу қаласында жұмыс істейді. Екі ел арасындағы "Өзара сауда өкілдіктерін құру туралы" келісімге Қазақстан мен Ресей үкіметтері 1992 жылғы 22 қазанда қол қойылған болатын.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің міндетін атқарушы қызметін Дамир Әділбеков атқарады.

Серіктестер жаңалықтары