Тікелей эфир

Қазақстанның оқушысы әлемнің үздік математигі атанды

Астанада тұратын оқушы Әли Насырбек Copernicus Olympiad сайысын жеңді.

Астанада тұратын оқушы Әли Насырбек әлемнің үздік математигі болды. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады. 

Ол жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысқан. Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелді. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.

"Жарыс АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтті. Біз ол жерде әлемнің ең күшті университетінің бірі Колумбия университетінде болдық. Одан соң Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Олар – ең күшті университеттердің бірі. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын", – дейді Copernicus Әли Насырбек Olympiad жеңімпазы.

Серіктестер жаңалықтары