Қазақстанның екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты автожолдар жабылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жолдарды 2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған.

2025 жылғы 7 наурыз сағат 10:00-де Қазақстанның екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты автожолдар жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол". 

Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 534-593-шақырым аралығындағы учаскесінде (Айша-Бибі а. – Түркістан облысының шекарасы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Түркістан облысында Жамбыл облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты "Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскесінде (Түркістан облысының шекарасы – Т. Рысқұлов п.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолдарды 2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары