Қазақстанның білікті мамандары жаппай шетелге қоныс аударып жатыр

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Мамандар азаматтардың өзге елге қызметке кеткенін әртүрлі жағдаймен байланыстырады.

Елімізден білікті мамандар кетіп жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

EconomyKZ сарапшыларының ақпараты бойынша, кейінгі бір жылда 13 мыңға жуық қазақстандық өзге мемлекеттерге қоныс аударған екен. Дені - жоғары білімі бар азаматтар. 

Қоныс аударған жерлестеріміздің көбі ТМД елдерін таңдаған. Қазақстан да еңбек мигранттарына есігін айқара ашқан елдің бірі. Мысалы, былтыр 30 мыңға тарта адам келген. Еңбек мигранттарының дені құрылыс саласында жұмыс істейді. 

Мамандар азаматтардың өзге елге қызметке кеткенін әртүрлі жағдаймен байланыстырады. Негізгісі жұмыссыздық пен жалақының аздығы дейді. 

"Бізде өте талантты жастар көп. IT мамандар, ғылым саласындағы жастар. Бірақ соның көбісі шетелге кетіп жатыр. Өйткені, ол жақта қолдау мықты. Мемлекет тарапынан жалақысы жақсы. Мүмкін болашақта біздің жастарымыз шетелден тәжірибе алып келетін шығар. Бірақ, ол үшін мемлекеттен қолдау қажет", – дейді экономист Меруерт Әбдірахманова. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары