Ауғанстаннан жеткізілген 35 этникалық қазақтың әрқайсысына 204 мың теңгеден бөлінеді. Сонымен қатар, бір жыл бойы ай сайын 87 мың 500 теңге көмек көрсетіледі. Бұл – баспана жалдау үшін берілетін көмек, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Арна тішілері Ауғанстаннан келген этникалық қазақтар уақытша қоныстанған Алматыдағы қонақүйге барды. Алайда 2,5 сағат ішінде олардың бірде-бірі сыртқа шықпаған.
Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының түсіндіруінше, жоғарыда аталған квота Ауғанстан ғазақтары Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанса ғана беріледі. Сонымен қатар, дипломдары бар адамдардың мамандық бойынша жұмысқа тұруына да көмек көрсетілмек. Ал білімі жоқтарды арнайы курста оқыту көзделген.
"Барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір министрлік тарапынан сол қай жерге ол кісілерді тұрақтандыратыны туралы жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді Данияр Әлкебайұлы.
Қандастар Алматыдағы қонақ үйде 24-қыркүйекке дейін болады. Бұл аралықта олар қай өңірге барып қоныстанатынын шешуі тиіс.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: