Тікелей эфир

Қазақстаннан көмірді көлікпен экспорттауға салынған тыйым мерзімі ұзартылады

Бұған дейін енгізілген тыйым мерзімі 26 қарашада аяқталуы тиіс болатын.

Тас көмір мен лингитті Қазақстан аумағынан әкетуге салынған тыйым мерзімі тағы ұзарады. Бұл жайлы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың бұйрығының жобасынан белгілі болды. 

Қазақстанда биыл көмірді көлікпен экспорттауға 6 айға салынған тыйым мерзімі 26 қарашада аяқталады. Соған орай, шектеу мерзімін тағы ұзарту жоспарланып отыр. 

"Қазақстан аумағынан тас көмірді; тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін: тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді, гагаттан басқа лигнитті немесе агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмірді автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген бұйрық жобасында. 

Шектеу бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 26 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстан қай елдерге көмір экспорттайды?


Еске салайық, көмірді автокөлікпен экспорттауға 2022 жылы да алты айға тыйым салынып, оның мерзімі биылғы наурыз айының соңына дейін сақталған. Араға екі ай салып, шектеу тағы да енгізілді. 

Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі – 17 қазанға дейін. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары