Тікелей эфир

Қазақстанға бидай әкелуге салынған шектеу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды

Бұл тыйым Қазақстанда биылғы жылдың 8 қаңтарында енгізілген.

Қазақстанға барлық көлік түрімен бидайдың әкелінуіне салынған тыйым жыл соңына дейін ұзартылды.

Бұл шешім Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданды.

Сонымен қатар Қазақстан аумағынан асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салу алты айға алты айға ұзартылды. Бұл тыйым Қазақстанда биылғы жылдың 8 қаңтарында енгізілген.

"Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы алты айға ұзарту туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар көліктің барлық түрімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл соңына дейін ұзартылды.

Елге бидайды "жасырын схема" арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.

Сонымен қатар ВАК отырысында отандық шырындар мен сусындар өндірушілерін қолдау мақсатында өрік, алмұрт және шабдалы езбесін әкелуге арналған кедендік баж салығы мөлшерлемесін төмендету мақұлданды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары