Қазақстан мен Қытай халық республикасының Макао арнайы әкімшілік ауданы арасында ел азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Егер құжатқа қол қойылса, қазақстандықтар Макаоға 14 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады.
Бірақ, сапар мақсаты – туризм не транзит болуы тиіс. Қазақстандықтар Макаоға оқуға, жұмыс істеуге немесе сол елде тұруға визасыз бара алмайды.
2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы шектеулі визасыз режим енгізіліп, оның аясында азаматтардың 30 күн мерзімге көршілес елге баруына рұқсат берілген болатын. Алайда, бұл рұқсаттың Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары – Гонконг пен Макаоға қатысы болмаған.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар бүгіннен бастап Қытайға визасыз бара алады
Қазіргі таңда қазақстандықтар Гонконгқа 14 күнге визасыз бара алады, ал Макаоға бару үшін виза қажет.
Құжатты жария талқылау мерзімі – 7 наурызға дейін.