Тікелей эфир

Қазақстандықтардың Өзбекстанға баруы үшін паспорт қажет болмауы мүмкін

Қазір екі ел азаматтарының шекарадан жеке куәлікпен өтуіне рұқсат беру мәселесін талқылап жатыр.

Алдағы уақытта қазақстандықтар паспортсыз, яғни жеке куәлікпен-ақ (ID карта) Өзбекстанға баруына рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Абдулазиз Комиловтың "Жаңа Өзбекстан" газетіндегі мақаласында жазды, деп хабарлады UzA агенттігі

Абдулазиз Комилов Астана қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі аймақтағы барлық елдердің кейінгі алты жылдағы кезекті төрағалығының нәтижесін символды қорытындысы болғанын айтып, бұл формат мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап бергенін мәлімдеген.

Сонымен қатар ол Өзбекстан мен Қазақстан шекараны заңды түрде ресімдеуді толық аяқтағанын, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен мемлекеттік шекара делимитацияланғаны, қазіргі кезде елдер арасындағы өткізу бекеттері өз жұмысын қалпына келтіріп, азаматтардың қозғалысы айтарлықтай жеңілдегенін жеткізген. 

"Бүгінде Өзбекстан мен Орталық Азия елдері арасындағы шекараны достық пен тату көршілік көпірі деп атауға болады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстан-Қырғызстан шекарасынан өтуде азаматтар ID картаны пайдалануда. Дәл осындай жоба Қазақстанмен де талқылануда", – деп жазады Абдулазиз Комилов өз мақаласында.


Оқи отырыңыз: Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан президенттері қандай құжаттарға қол қойды?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
3

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары