Тікелей эфир

Қазақстандықтардың көбі кеш үйленеді: некеге тұрудың орташа жасы ұлғайды

Жас отбасылардың арасында 21,6% ерлер, 16,6% әйелдер 35 жастан асқан, яғни олар жас жұбайлар ретінде саналмайды.

Биыл бірінші жартыжылдықта елімізде 53 700 неке құрылды, былтыр осы уақытта 55 100 болған. 2022 жылы жалпы 128 400 жұп отбасын құрды. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Жас отбасылардың арасында 21,6% ерлер, 16,6% әйелдер 35 жастан асқан, яғни олар жас жұбайлар ретінде саналмайды. Қазақстанда 14–35 жас аралығындағы азаматтар ғана жастар санатына жатады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, ер адамдар үшін Қазақстанда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы 28 жыл болды, ал он жыл бұрын 26,9 ғана болған. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш соңғы он жылдықта 24,4 жастан 25,2 жасқа дейін өсті.


Оқи отырыңыз: Мәһірге машина сұрау дұрыс па? Ақ некенің шарты қандай?


Қазақстандықтардың көбі кеш үйленеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар үшін туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады, ал жиырма жыл бұрынғы көрсеткіш – 66 жас. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2000 жылдың басына қарағанда едәуір ұзарды, сондықтан отбасын кеш құру – ұзақ өмір сүру сияқты қалыпты жағдай.

Серіктестер жаңалықтары