Тікелей эфир

Қазақстандықтардың білім алуына арналған мейкерспейс қызметінің мерзімі ұзарады

Желіге Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Орал және Павлодардағы 6 мейкерспейс орталықтары кіреді.

Бүгін Алматыда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм мен "Шеврон" компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс тараптар арасындағы "Мейкерспейс кеңейеді" бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды ұзарту рәсіміне қол қойды. 

Бұл бағдарлама жыл сайын мыңдаған қазақстандық жастар үшін Мейкерспейс желісі арқылы ғылым, технология, инженерия, өнер және математика саласындағы (STEAM) білім беру мен оқу ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мейкерспейс желісі – бүкіл Қазақстан бойынша идеялар жасау, зерттеу және бөлісу арқылы үйренетін көпшілікке арналған бірлескен жұмыс кеңістігі. Осы желіге қазіргі уақытта Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Орал және Павлодардағы 6 мейкерспейс орталығы кіреді.

Makerspace Expands бағдарламасы 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Содан бері толық жабдықталған үш мейкерспейс ашылып, тағы үшеуі жаңартылды. Мейкерспейстер жыл сайын мыңдаған жас қазақстандықтарға пайдалы болып, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарына, сарапшылар басқаратын курстарына және тегін тәлімгерлігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өткен жылдың өзінде 16 мыңға жуық адам "Мейкерспейс кеңейеді" мүмкіндігін пайдаланды. Өзара түсіністік туралы меморандумды ұзартуға қол қою тараптардың мейкерспейс санын және олардың бүкіл ел бойынша қамтылуын кемінде тағы үш жылға ұлғайту деген ниетін білдіреді.

Фото: Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы

"Серіктестігіміздің мақсаты – жастарды бүгінгі таңда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті білім мен дағдылармен, және оларға жоғары технологиялық ресурстарға, инновациялық бағдарламаларға, пікірлес адамдарға, өміршең іскерлік байланыстарға және жігерлендіруші тәлімгерлерге қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету", – деді АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм.

Мейкерспейс бағдарламалау, робототехника, 3D модельдеу, визуалды мазмұнды жасау және тағы басқа саладағы сұранысқа ие қолданбалы дағдылар дамыту үшін тұрақты курстар мен семинарлар ұсынады. Мейкерспейс орта және жоғары оқу орындарының студенттерін, біліктілігін арттырғысы, білім және мансаптық мүмкіндіктерін жақсартқысы, пікірлес адамдар қауымдастығына қосылғысы келетін жас мамандарын тартады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары