Тікелей эфир

Қазақстандықтар желтоқсанда 11 күн демалады

Бұл айда Тәуелсіздік күніне орай қосымша бір күн демалыс болады.

Қазақстанда желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады. Аптаның демалыс күндерінен бөлек, Тәуелсіздік күніне орай қосымша бір күн демалыс беріледі. Тәуелсіздік күні биыл сенбіге сәйкес келетіндіктен, оның орнына дүйсенбі күн – 18 желтоқсан демалыс күні болып есептеледі.

Сәйкесінше:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 16, 17 желтоқсан күндері демалады.

Еске салайық, Тәуелсіздік күні 2022 жылдан бастап ұлттық мәртебесінен айырылып, мемлекеттік мереке болып саналады. Соған орай, қазақстандықтар өткен жылдан бері Тәуелсіздік күніне орай екі емес, бір күн демалады.

Сондай-ақ, 1 желтоқсан – ҚР тұңғыш президенті күнінің мемлекеттік мәртебесінен айырылуына байланысты бұл күні де қазақстандықтарға демалыс берілмейді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның мереке күндері тізімінен 50 дата не үшін сызылмақ? Еңбек министрлігі түсіндірді


 

Серіктестер жаңалықтары