Биыл сағатына шамамен 83 миллиард килловаттан аса энергия өндірілген.
Қазақстандықтардың соңғы 9 айда электр энергиясын 7 пайызға артық мөлшерде тұтынғаны белгілі болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
2020 жылдың үш тоқсанымен салыстырғанда биыл елімізде 7,7 пайызға артық тоқ қуаты өндірілген. Яғни электр қуатын тұтыну мөлшері де артқан.
Елімізде осы жылы сағатына шамамен 83 миллиард килловаттан аса энергия өндірілген. Оны ең көп тұтынған – Қызылорда облысы. Мұнда биыл 16,5 пайыз тоқ қуаты пайдаланылған. Екінші орында – Батыс Қазақстан облысы – 14,3 пайыз; Ақмола облысы – 14,2 пайыз, Түркістан – 12,7 пайыз, ал Алматы облысы осы жылы 11,4 пайыз тоқ қуатын тұтынған.