Тікелей эфир

Қазақстандық саяхатшы Өскеменнен Бейжіңге 2 айда жаяу жетті

Бұл – 74 жастағы Сәрсенбай Қотырашовтың үшінші жаяу саяхаты.

Қазақстандық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Өскеменнен Бейжіңге дейінгі жаяу сапарын аяқтады. Бұл сапарға ол 2 тамызда аттанған болатын. 3 айға жоспарланған жаяу саяхатты ол 2 ай ішінде тәмамдады.

Сәрсенбай Қотырашов Қытай астанасы Бейжің қаласына Алтай өңірі және Моңғолия аумағы арқылы барған.

"Мен өзімнің жаяу саяхатымды алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнаймын. Біз көшпенділердің ұрпағымыз және олардың бай мәдениеті мен мұраларын әлемге танытқым келеді. Мен Алтай және Моңғолия арқылы Қытайға дейін жетуді жоспарлап отырмын", – деген болатын Сәрсенбай Қотырашов сапарға аттанатын кезінде.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық 74 жастағы марафоншы Қытайға жаяу барады


Сәрсенбай Қотырашов. Фото: ҚазАқпарат агенттігі

Айта кетейік, бұл – 74 жастағы Сәрсенбай Қотырашовтың үшінші жаяу саяхаты. Бұған дейін марафоншы 2022 жылы 72 жасында еліміздің 17 облысын аралап, жарты жылда 8 мың шақырым жол жүрген болатын. Ал өткен жылы ол Атыраудан Ыстанбұлға жаяу барып, 3 мың шақырым жолды жаяу жүрді.

Сәрсенбай Қотырашов төртінші сапарын 2025 жылы Америка құрлығында ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте ол Атлант мұхитының жағасынан Тынық мұхитының жағасына дейін жүріп өтпек.


Оқи отырыңыз: Әлемді жаяу шарламақ 73 жастағы ақсақал Гиннесс рекордтар кітабына енуді көздеп отыр


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары