Тиісті тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
"Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 45 адамнан құрылған күштер мен құралдар тобын әзірлікке келтірді. Олардың арасында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептобы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері бар. Бұл – құтқару операцияларында көпжылғы тәжірибесі бар білікті мамандар. Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері биылғы жылы Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан", – деп жазылған хабарламада.
Қажетті жабдықтармен жабдықталған топты ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады.
Оқи отырыңыз: ТЖМ жер сілкінісі болғанда іздестіру-құтқару жұмысын қалай жүргізеді? Фоторепортаж.