Тікелей эфир

Қазақстандық полицейлер түрік әріптестерімен бірге 8 қылмыскерді ұстады

Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды.

Қазақстанның ІІМ қызметкерлері түрік әріптестерімен бірге жыл басынан бері алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген сегіз қылмыскерді Түркияда ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Сонымен қатар, қаңтар айында ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерімен іздеуде жүрген 237 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды.

Мәселен, 27 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері 1998 жылдан бері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы ер адамды құрықтады.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады


 

Серіктестер жаңалықтары