ҚазҰӨУ түлегі Эльбрус шыңында "Адай" күйін орындады, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызмет бөлімінің жетекшісі Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрус тауын бағындырып, домбырамен "Адай" күйін орындады. Қазақстандық музыкант бұл шыңға шамамен бір аптада көтерілген. Биікті бағындыру үшін ол жарты жыл бойы дайындалған", – делінген министрліктің хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлібек Қайырбек республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол 9-сыныптан кейін Астанадағы Ұлттық өнер университетінің музыкалық колледжінің домбыра бөліміне оқуға түскен. Содан кейін "Шабыт" ҚазҰӨУ-ге түсті.
2013 жылдан бері концерттер мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып жүр.
Оқи отырыңыз: Қазақ қызы – Эверест шыңында. Әлемнің ұшар басына шыққан отандық және шетелдік альпинистер кімдер