Тікелей эфир

Қазақстандық кәсіпкер әйелдер халықаралық байқаудың шорт тізіміне енді

Aurora Tech Award сыйлығы технологиялық стартаптардың негізін қалаушы әйелдерге беріледі.

Қазақстандық 3 кәсіпкер халықаралық Aurora Tech Award 2024 байқауының шорт тізіміне енді. Байқауға 102 елден барлығы 649 өтінім келіп түсті. 

Шорт-листе Your Accessible Guide негізін қалаушы Надежда Анпилогова, Porte Tech негізін қалаушы Айдана Айтуарова және Ozim платформасының негізін қалаушы Әсем Тажиева бар.

"Біз жұмысымызда, ерекше қажеттіліктері бар туристерге картаға қолжетімді бағыттар мен нүктелерді түсіріп, зерттелмеген континентті тауып жатқан сияқтымыз. Адамдар біз туралы көбірек білсе туризмдегі инклюзия тақырыбымен танысады және де саяхатты барлығына қолжетімді ете алады", – деді Your Accessible Guide жобасының негізін қалаушы Надежда Анпилогова. 

Porte Tech – RFID карталарын, автотұрақ пульттерін, қағаз рұқсаттарын және магниттерді бір қолданбаға біріктіру арқылы шығындар мен уақытты азайтуға көмектесетін, ESG-ге бағдарланған, автоматтандырылған "есік кілті" бар веб-қосымша.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық жас кәсіпкер әйелдер бизнесін жүргізуге арналған грантқа ие болды


Ozim платформасы – ерекше қажеттілігі бар балалы отбасыларды зерттеу негізінде білім беру және психологиялық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жоба.

"Үлкен халықаралық байқау болғандықтан қатысу қиын болады деп ойладым. Шорт тізімге енгенімізді және финалистер қандай артықшылықтарға ие екенін білгенде қатты қуандым. Дәл қазір бізге инвестицияны қаржыландыру, бизнес-модельдер және масштабтау саласындағы тәлімгерлер қажет. Байқауда жеңіске жетіп, ақшалай сыйлық ұтып алсам оны ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған Ozim платформасы мобильді қосымшасын әзірлеуге жұмсаймын", – деді Әсем Тажиева.

2024 жылғы жеңімпаздарды IT-кәсіпкерлер, Aurora Tech сыйлығының жеңімпаздары және әлемдәк әйгілі сарапшылар таңдайды. Оларға ақшалай сыйлықтар табысталады.

Aurora Tech Award сыйлығын inDrive компаниясы негізін қалаған. Сыйлық жобалары жаһандық дамуға терең әсер еткен технологиялық стартаптардың негізін қалаушы әйелдерге беріледі. Мақсаты – озық технологиялар саласындағы әйелдерге, әсіресе, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары