Қазақстандық әнші Ерназар Жұбан "Славян базары" жас эстрада әншілерінің байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы Белта агенттігі хабарлады.
"Еліміздің атын шет елде қорғаған қандай керемет сезім. Еңбек ақталды деп ойлаймын. Осы 1 - орынымды еліме арнағым келеді. Әке-шешем, бауырларыма алғыс айтамын. Барлық жанкүйерге рақметтен артық айтарым жоқ, достарым жанымда болмасаңдарда қолдауларыңды сездім", – деп жазды Ерназар Жұбан Instagram-парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жарыстың гран-при жүлдесін молдовалық Кэролайн Балан жеңіп алды. Ол 20 мың доллар ақшалай сыйлыққа ие болады.
Екінші орынды италиялық Марьям Танкреди мен ресейлік Екатерина Кузина бөлісті. Қазылар алқасының үшінші орынға қатысты шешімі ұқсас болды, бұл жүлде болгариялық Валерия Чучман мен беларусь Невена Пейковаға берілді.
Сонымен қатар Венесуэла, Испания, Латвия, Словения, Түркия, Өзбекстан, Хорватия, Чехия және Оңтүстік Африка елдерінің өкілдері байқаудың дипломанттары атанды. Ал Оңтүстік Африкадан келген Thami Mbatha ұлттық тақырыпты үздік орындағаны және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін Владимир Мулявин атындағы арнайы сыйлықты алды.