Түркістан облысының бес жылдығына орай ұйымдастырылған "Алтын Сақа" халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі аяқталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фестивальге алыс-жақын шетелден 70-ке жуық анимациялық фильмдер қатысуға ұсыныс білдірген. Олардың ішінде Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдері бар.
Ұйымдастыру алқасы мен "Қазақстан аниматорлар одағы" мамандарынан құралған "сараптама кеңесінің" шешімімен 30 анимациялық фильм фестивальге қатысуға жолдама алған,
"Қазылар алқасы шешімімен отандық "Айбынды аула" анимациялық фильмі гран при иеленді. Жүлделі І орын отандық "Бақашабақ" анимациялық фильмі және түркиялық "Капитан Пенгу", жүлделі ІІ орын өзбекстандық "Кенже Батыр" және "Қажымұқан" , жүлделі ІІІ орын әзірбайжандық "Тарихқа оралу" мен отандық "Марғау мен Мақта қыз" анимациялық фильмдеріне бұйырды" – делінген хабарламада.