Тікелей эфир

Қазақстандық 36 шахтер "Құрмет" орденінің кавалері атанды

Президент Шахтер күні қарсаңында бір топ сала қызметкерлерін марапаттады.

Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда

"Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды", – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 36 шахтер "Құрмет" орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 43 азамат "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.


Оқи отырыңыз: Экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіптік негіз құру: Президент Жолдауы қалай жүзеге асып жатыр


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары