Тікелей эфир

Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петицияға қол аз жиналуда

Петиция 2024 жылдың 4 қарашасына дейін жарамды.

Қазақстан аймақтарындағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы ресми платформада жарияланған петиция үш аптаның ішінде 100-ден сәл ғана астам қол жинады.

Петицияда қазақстандықтардың биоритм мен жұмыс, оқу және демалу кестелерінің сәйкес келмеуі салдарынан физикалық және психологиялық жайсыздықтар байқала бастағаны, соның салдарынан шаршаудың артуына, өнімділіктің төмендеуіне және ұйқы сапасының нашарлауына әкеп соққаны атап өтілген. Әзірге петиция көпшіліктің көңілінен шықпай отыр: азаматтар тарапынан қолдау таппағандықтан немесе қазақстандықтардың оның бар екенін білмегендіктен.

Айта кетейік, басқа бейресми платформаларда біртұтас уақыт белдеуіне көшуді тоқтату туралы петициялар мыңдаған дауыс жинады, бұл мәселе әртүрлі чаттар мен әлеуметтік желілерде әлі де қызу талқылануда.


Оқи отырыңыз: Бір уақыт белдеуіне көшу: 1 наурыздан бастап Қазақстанда не өзгереді?


Өтінішті мемлекеттік орган қарауы үшін оны кемінде 50 мың адам қолдауы керек. Петиция 2024 жылдың 4 қарашасына дейін жарамды. Сіз онлайн петиция сайтын қалай пайдалану керектігін мына жерден оқи аласыз.

Серіктестер жаңалықтары