Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жеке "құмар ойын" салығының мөлшерін де арттыру жоспарда бар екенін айтты, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұған дейін Мәжілісте депозиттерге салық салу туралы мәселе қаралған болатын. Ал қосымша кірістері бар банк саласы үшін 2025 жылдан бастап корпоративті табыс салығы 25%, жер қойнауын пайдаланушылар мен ойын бизнесіне 30%-ға дейін көтеріледі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жеке "құмар ойын" салығының мөлшерін де арттыру жоспарда бар екенін айтты. Салық кодексіндегі тағы бір жаңашылдық: енді жылдық табысы 40 миллион теңгеден асатын азаматтарға прогрессивті жеке табыс салығын салу көзделіп отыр.
Оқи отырыңыз: Пәтер сатқанда қалай салық төлемеуге болады? 5 сұраққа жауап.
"Бұл – ең төменгі еңбекақы мөлшерімен байланысты. Ол белгілі бір кезеңде өзгеріп отыратынын білесіздер. Инфляция деңгейі де әсер етеді. Еңбекақыдан 10% жеке табыс салығын барлығымыз төлейміз. Жаңашылдықты түсіндіре кетейін. Мысалы, азаматтың табысы 45 миллион теңге дейік. Ол 40 миллионға 10 пайыз табыс салығын төлейді. Ал қалған 5 миллион теңге үшін 15 пайыз салық есептеледі", – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.