Тікелей эфир

Қазақстанда "Жыл волонтері" сыйлығын беру тәртібі өзгереді. Енді үздіктер ақшалай сыйлық алады

Сондай-ақ, халықаралық сыйлықтың номинацияларын да өзгерту жоспарланып отыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық "Жыл волонтері" сыйлығын беру тәртібіне енгізілетін өзгерістерді Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынды. 

Бұған дейін сыйлық иелері ақшалай емес сыйлық алып келсе, енді оны жүз айлық есептік көрсеткішке тең ақша түріндегі марапатпен (2024 жылы – 369 200 теңге) ауыстыру көзделіп отыр. 

Сондай-ақ, сыйлықтың номинациялары да өзгереді. 

Жаңа номинациялар: 

  • халықаралық волонтерлік;
  • "Күміс" волонтерлік;
  • инклюзивті волонтерлік; 
  • медицинадағы волонтерлік; 
  • әлеуметтік волонтерлік;
  • білім беру саласындағы волонтерлік;
  • экологиялық волонтерлік;
  • зооволонтерлік;
  • төтенше жағдайлардың салдарын жою саласындағы волонтерлік;
  • спорттық волонтерлік және туризм саласындағы волонтерлік;
  • мәдениет саласындағы волонтерлік;
  • корпоративтік волонтерлік;
  • халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен келісімді сақтау және нығайту;
  • медиа волонтерлік;
  • интеллектуалды волонтерлік. 

Жаңа ережеге сәйкес, сыйлықты алғаннан кейін үш жыл ішінде жеңімпаздардың қайта қатысуына жол берілмейді.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың төрттен бірі волонтер болғысы келмейді. Demoscope сауалнамасы


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары