Тікелей эфир

Қазақстанда жыл басынан бері қандай өнімдердің бағасы айтарлықтай өсті?

Азық-түлік тауарларының бағасы қаңтарда 1,1% өсті.

2024 жылдың қаңтарында тұтыну бағасының айлық индексі өткен аймен бірдей – 0,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,1%-ға, ақылы қызметтер – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%-ға өсті. Жылдық есеппен алғанда қаңтарда инфляция 9,5%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы өсті:

  • қызанақ – 18,5%-ға;
  • қияр – 14,9%-ға;
  • тәтті бұрыш – 12,1%-ға;
  • сарымсақ – 7,4%-ға;
  • банан – 6,7%-ға;
  • жұмыртқа – 5%.

Арзандады:

  • күнбағыс майы – 1,7%-ға;
  • қант – 1,4%-ға;
  • пияз – 1,3%-ға;
  • сәбіз – 1,1%-ға.

Оқи отырыңыз: Елімізде 1,5 жылдан бері алғаш рет азық-түлік бағасы арзандады


Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 1,2% (орташа республикалық деңгейден 0,4 пайыздық тармаққа жоғары), ең төменгісі – Ұлытау және Қызылорда облыстарында (әрқайсысы 0,5%) тіркелді.

Серіктестер жаңалықтары