Қазақстанда кейінгі үш жылда жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 26 пайызға артты. Қазіргі таңда жасы 65-тен асқан 200 мыңнан астам қызметкер еңбек нарығына араласып жүр, деп жазды Otyrar.kz.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы жұмыспен қамту басқармасының басшысы Гүлнәр Бекішованың айтуынша, Қазақстанда 2 миллионнан астам зейнеткер бар. Олардың ішінде жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті жастан асқан адамдар саны 215 мың адамды құрайды.
"Бұл жұмыспен қамтылғандардың ішіне өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жалдану бойынша жұмыспен қамтылғандар санаты кіреді. Осы жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті жастан жоғары азаматтардың көбісі мынадай қызмет түрлерінде: ауыл шаруашылығы, сауда, білім беру және денсаулық сақтау саларында еңбекпен қамтылған. Лайықты демалысқа шыққан жандардың жұмысты жалғастыруын көпшілік түрлі себеппен байланыстырады", – деді Гүлнәр Бәкішова.
Оқи отырыңыз: 2023 жылдан бастап зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?