Қазақстанда жайын мен көксеркенің экспортына 6 айға тыйым салынады. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті тиісті бұйрықтың жобасын жариялады.
Статистика деректері бойынша Қазақстанда өңделмеген балық экспортының барлық көлемінен үлесі 12,3 мың тоннаны құрайды. 2022 жылы жылына 142 мың тоннаға жуық балықтың 31,2 мың тоннасы қайта өңделген, яғни жүктеме 22 пайызды құрады.
"Кәсіпорындардың жұмыс істемеуінің себептерінің бірі – балық шикізатының жетіспеушілігі. Осылайша, "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес, жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын уәкілетті орган, сондай-ақ өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес енгізеді. Осы мәселе бойынша теңдестірілген және ұтымды шешім қабылдау үшін Экология министрлігі балық шаруашылығы субъектілерімен, бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен шектеулер енгізу мәселесін талқылау бойынша бірқатар кеңестер өткізді", – деп жазылған құжат түсіндірмесінде.
Оқи отырыңыз: Брекешев "Балық шаруашылығын" оқыған жастарды салада 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды
Осыған байланысты жайын мен көксеркенің экспортына 6 айға тыйым салынады.
Бұйрық жобасы 14 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған.