Samruk-Kazyna Construction компаниясы жаңа, жайлы мектептердің сәулеттік-жобалық жобасын қоғамдық талқылаудың басталғанын хабарлады. Оған мына сілтеме арқылы қатыса аласыз және қоғамдық талқылау 17 қыркүйекке дейін жалғасады.
"Кез келген азамат ауқымды ұлттық жоба аясында салынып жатқан заманауи білім ошақтарының ішкі мазмұны мен дизайны туралы өз ойын ашық айта алады. Талқылау соңында жайлы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға жолданады", – деп жазылған құжатта.
Алдағы екі жылда Қазақстанда 738 мың орындық жаңа форматтағы 369 мектеп салынады. Құрылысы жоспарланған мектептер мен мердігер ұйымдардың тізімін мына жерден көруге болады.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: "Жайлы мектеп" үшін қосымша грант бөліп, мұғалім даярлау қажет емес.