Тікелей эфир

Қазақстанда вандализм үшін жаза қатаңдайды

Енді елімізде вандализм үшін жаза қатаңдатылғалы отыр.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына сәйкес мемлекет қорғауындағы мәдени мұраларды бүлдіріп, қиратқандарға 369 мыңнан 738 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Заң талаптарын бұзған адам 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылып, 50 тәулікке қамалады. Ал, қоғамдық орындар мен саябақ, скверлерді ластаған бұзақылар 37 мың теңге айыппұл төлейді. Егер қылмысын қайталаса, айыппұл екі есеге көбеймек. Заң 294-баптың, 2-бөлігі "әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша, адамдар тобының пайдакүнемдiк ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы бiрнеше рет жасаған әрекеті" деген мәтінмен толықтырылып отыр.


Оқи отырыңыз: 2023 жыл қорытындысы: Қазақстанда қылмыс деңгейі 12 пайызға төмендеді


Бұл норманың жауапкершілігі жоғары, яғни мұндай қылмысқа барған адамдар 500-ден 200 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл арқалайды. Қазір бұл сома 738 миллион 400 мың теңгені құрайды. Заң бұзғандар 300 сағаттан 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылып, 3 жылға сотталады. Ал ғимарат, тұрғын үй-жайлары, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіргені үшін бұзақыға 184 мың теңге айыппұл салынады немесе 5 тәуліктен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары