Мәжіліс депутаттарының утиль алымы және шетелден әкелінген көлікті алғашқы тіркеу бағасын төмендету жөніндегі сауалына Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың жауабы Мәжіліс сайтында жарияланды.
Премьер-министрдің жауабынан Үкіметтің утиль алымының бағасын төмендету жоспары жоқ екені белгілі болды.
"Утиль алымы қаражаты есебінен жеңілдетілген автонесиелендіру және автобус парктері мен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағдарламалары іске қосылғанын ескере отырып, утиль алымының мөлшерін бұдан әрі төмендетуді дұрыс емес деп санаймыз", – делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.
Оқи отырыңыз: Утиль алымының азаюы vs доллардың қымбаттауы: Көлік арзандай ма?
Еске салайық, утиль алымының мөлшері 2022 жылы екі мәрте төмендетілген болатын.