Шымкент қаласында орташа жалақы 200 мың теңгеден сәл асады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысында жалақы төмен. Осы орайда 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасының тілшісі өңірлердегі тұрғындардың табысын зерттеп көрді.
Бақтияр Тұрғынов Шымкент компанияларының бірінде араға екі күн салып тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл үшін "ең аз сома" 42 500 теңге алады. Бес адамнан құралған отбасы үшін бұл аз.
"Әрине, бұл кішкене аз. Тағы кішкене қосуға болатын еді деп ойлаймын. Бірақ бәрібір аз, жетпейді. Менің екі ұлым жұмыс істейді. Оларда жақсы. Біреуі – 120 мың, екіншісі 170 мың алады", – деді Бақтияр Тұрғынов.
Алайда ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Шымкенттің көптеген тұрғыны осылай өмір сүріп жатыр. Мұнда орташа жалақы 200 мың теңгеден сәл жоғары. Ал астанада бұл көрсеткіш – 344 мың теңге. Шымкенттік пошташы, тоқымашы, қалаушы, кассир шамамен 100 мың теңге алады. Ең көп инженер, маркетолог және әртүрлі сала жетекшілері алады – 300 мың теңгеден жоғары.
Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстік өңіріндегілер де аз жалақы алады – 189 мың теңге. Мемлекет бойынша, бәрінен көп мұнайлы өлкеде тұратындар алады: өткен тоқсанда Атыраудағы орташа жалақы 398,5 мың теңге және Маңғыстауда 353 мың теңге болды.
Бірақ кедейлік шегінде өмір сүріп жатқандар да бар. Ондайлар аз емес. Соңғы мәліметтер бойынша, Шымкентте кедейлік шегі 23 679 теңге болды. Яғни ортақ табысы 118 мың теңге болатын отбасы атаулы әлеуметтік көмекке үміткер бола алады. Биыл оған 25 мың шымкенттік отбасы өтінім берді.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: