Тікелей эфир

Қазақстанда тұңғыш рет қаржы қауіпсіздігі бойынша республикалық олимпиада өтеді

Олимпиадаға қазақ және орыс тілінде жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Қазақстанда қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Олимпиаданың мақсаты қаржылық, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгерген қаржылық сауатты жастардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. Олимпиадаға қазақ және орыс тілінде жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

  • 1-кезең онлайн-тестілеу форматында өтеді;
  • 2-кезең офлайн түрде ұйымдастырылады.

Олимпиадаға 2023 жылғы 15 ақпаннан 15 наурызға дейін тіркелуге болады. Қазақ сыныптары мен орыс сыныптарының тіркелу формасы сілтемеде көрсетілген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда республикалық пән олимпиадасының үшінші кезеңі басталды


Айта кетейік, олимпиаданы Қаржылық мониторинг агенттігі, Оқу-ағарту министрлігінің және "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен "Тұран" университеті, "Қазтұтынуодағы" Қарағанды университеті және Нәрікбаев атындағы KazGUU университеті ұйымдастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары