Тікелей эфир

Қазақстанда төртінші және тоғызыншы сынып оқушыларын тестілеу басталды

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда сынақтар екі аптадан кейін басталады.

Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі мектептерде оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда мониторинг екі аптаға шегерілді, яғни сәуір айының соңында басталады. Әңгіме Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары туралы болып отыр.

Мониторинг компьютерлік кешенді тестілеу түрінде жүзеге асырылатын болады. Мектеп оқушыларының оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығының деңгейі бағаланады.


Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады. 2024 жылғы тестілеуде қандай өзгерістер бар?


Оқу жетістіктерінің мониторингі басталып қойған жерлерде 3 мамырға, яғни жұмаға дейін жалғасады. Тестілеу төрт және тоғызыншы сынып оқушыларын қамтиды.

Серіктестер жаңалықтары