Тікелей эфир

Қазақстанда теледидар жөндеу бағасы 20% қымбаттады

Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда теледидар бағасы бір жылда 4,1% арзандаған, бірақ оны жөндеу құны 19,8% қымбаттады.

Былтыр Ұлттық статистика бюросы 11,7 мың үй шаруашылықтары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде, халықтың теледидармен қамтамасыз етілуі 99,9% болды. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

Қалалық жердегі отбасыларда 99,9%, ауылдық жерлерде 100% теледидар болған. Қазақстандағы әрбір 100 үйге орта есеппен 115 теледидар келеді.

Өңірлер бойынша Қарағанды (99,9%), Ақтөбе (99,8%) және Ақмола (99%) облыстарын қоспағанда, басқа облыстар 100% теледидармен қамтамасыз етілген. Былтыр осы кезеңде 17 өңірдің ішінен Қарағанды (99%), Ақмола және Қостанай (99,8%) облыстары толық теледидармен қамтамасыз етілмеген еді.


Оқи отырыңыз: Дүйсенова: Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады.


Сондай-ақ, биыл шілде айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда теледидар бағасы бір жылда 4,1% арзандап, ал оны жөндеу құны бірден 19,8% қымбаттады.

Серіктестер жаңалықтары